Бүгін, 27 шілдеде, Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.
48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз 1/2 финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.
Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.
Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.