in

Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсіретінін айтты

Актриса, продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылықтағы жоспарын бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.

Шетелде демалып жүрген актриса жаңа идея келгенін айтты. Ол өзі туралы деректі фильм түсірмек. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін мамандар іздейтінін айтты.

«Жаңалық. Өзім жайында документальный фильм жасаймын. Менімен жұмыс жасағысы келетін документалистерді қарсы аламын. Шетелге шыққанның пайдасы – ойға келетін идея!», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.