in

Қазақстандық садақшы Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол классикалық садақ атудан жекелей сында финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді. 

Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.