Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан Norway Chess Women 2026 турнирін сәтті бастап, алғашқы турдан кейін жеке-дара көш бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бірінші айналымда отандасымыз үндістандық тәжірибелі гроссмейстер Хампи Конерумен қара тастармен ойнап, классикалық партияда сенімді жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Асаубаева турнир кестесінде 3 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Қазіргі турнирлік кесте төмендегідей:
Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 3 ұпай;
Дивья Дешмукх (Үндістан) — 1,5 ұпай;
Чжу Цзиньэр (Қытай) — 1,5 ұпай;
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 1 ұпай;
Анна Музычук (Украина) — 1 ұпай;
Хампи Конеру (Үндістан) — 0 ұпай.
Айта кетейік, турнирде ерекше ұпай жүйесі қолданылады. Классикалық партиядағы жеңіс үшін 3 ұпай беріледі. Егер негізгі ойын тең аяқталса, шахматшылар «армагеддон» форматында қосымша партия өткізеді. Мұнда жеңімпаз 1,5 ұпай алса, жеңілген ойыншыға 1 ұпай жазылады.
Биылғы жарыста барлығы 10 тур ойналады. Алты шахматшы қатысатын дода екі айналым жүйесімен өтіп, 5 маусымға дейін жалғасады.