in

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.