in

«Бала шақтан – болашаққа»

Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара елордада өткен автор шығарма­шылығына арналған апталық аясындағы кездесулердің қорытындысы іспетті. 

Алғашқы кездесу Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде өтті.  Кездесуден кейін  жазушы Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінде қонақта болды. Ал 14 мамыр күні Smart Technological School жекеменшік мектебінің оқушылары да қаламгер шығармашылығымен танысып, тағылымды ой-пікірлерге қанықты.

Жүздесу барысында қаламгер шығарманың жазылу идеясы жайында әңгімелеп, туынды кейіпкерінің тұл­ғалық қалыптасу кезеңдеріне кеңінен тоқталды. 

Туындыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың балалық шағы, отбасылық тәлімі мен азаматтық тұлға ретінде қалыптасу кезеңдері жасөспірімдерге түсінікті, көркем әрі танымдық тілмен өріледі. 

Кітапханада өткен жүздесуде   Жазу­­шылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов  онлайн форматта қатысып, кітаптың тәрбиелік маңызына айрықша тоқталып, автор еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар жиын барысында ғалымдар мен ақын-жазушылар сөз алып, қаламгердің шығармашылық ізденісіне ризашылықтарын білдірді.

Таныстырылымға зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, сту­дент­тер, еліміздің көпшілік кітапха­на­ларының басшылары (онлайн), ұс­таздар мен оқушылар қатысты.