Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы, актер, әнші Ермахан Аймаханның жаңа әні жарық көрді, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады.
Әннің “Тағдырыма кел” деп аталады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Раушан Құдайбергенмен бірге түскен видеоны бөлісті. Кадрларда ерлі-зайыпты би билеп, романтикалық әсер сыйлайды.
Әнді тыңдарман қауым жылы қабылдап, орындаушының дауысын жоғары бағалаған.
Халық әртісі Димаш Құдайберген де пікір жазып, қолдау білдірді.
“Өте әдемі ән! Құтты болсын, алтындарым”, – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.