in

Жасөспірімдер арасындағы муай-тайдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Астана қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастағандар:

1-орын – Алматы облысы

2-орын – Алматы қаласы

3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы

Додаға еліміздің 16 өңірінен 425 спортшы қатысты.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жеңімпаздары маусым айында Куала-Лумпурда өтетін мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында, сондай-ақ қыркүйекте Приштинада (Косово) өтетін жастар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.