in

“132 миллион теңге”: АҚШ-та ішімдік ішкен келіншек Carnival круизінен өтемақы өндіріп алды

45 жастағы Диана Сандерс спирттік ішімдікті шамадан тыс бергені үшін Carnival круизін сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша 9 сағат ішінде 14 стакан текила ішкен.

Оқиға 2024 жылдың қаңтарында Carnival Radiance кемесінде болған. Келіншек кемедегі бардың бірінен емін-еркін құйылып жатқан спирттік ішімдіктен шамасына қарамай, көп ішкен. Жол ортады бөлмесіне жете алмай, баспалдақтан құлап, экипажға арналған аймақта ес-түссіз күйде табылған. Артынан оның бас-ми жарақаты ғана емес, арқасын соғып, денесін көгеріп алғаны анықталған.  

– Бұл  –  «бәрі ішінде» деген пакетпен сатылатын турдың қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Өйткені ол жердегі даяшылар клиенттің қауіпсіздігін ойламайды. Оларға бастысы – тегін құйылып жатқан ішімдікті көбірек беріп, клиенттен аздап шайпұл алып алуды ойлайды.  Осыны қадағалаған дұрыс. Ал клиентімнің Carnival сияқты ірі корпорацияға қарсы шығып, өз құқығын қорғағанына ризамын, – дейді адвокат Спенсер Аронфельд.

 Майами қаласындағы алқабилер соты компанияның салғырт әрекет еткенін анықтап, 45 жастағы медбикенің пайдасына шешім шығарды. Сөйтіп, бас-ми жарақатын алған круиз жолаушысына £220,000 көлемінде, біздіңше  132 миллион теңге өтемақы тағайындалды.