in

Киевте қарулы адам оқ жаудырып, бірнеше адам қаза тапты

Киевте қарулы ер адам көшеде адамдарға оқ жаудырып, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Оқиға Демеевка маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің қатарында бала да бар, ол ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін күдікті супермаркетке кіріп, адамдарды кепілге алған. Полиция мен арнайы жасақ оны берілуге көндіруге тырысқанымен, нәтижесінде арнайы операция жүргізілді. Шабуыл барысында күдікті жойылды.

Ресми мәліметке сәйкес, бірнеше адам қаза тауып, кемінде 10 адам ауруханаға жеткізілген. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта жарақат алған 10 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Төрт кепілдегі адам құтқарылды. Істің жедел тергелуін күтіп отырмыз. Қазір бұл бағытта Ұлттық полиция мен Украина Қауіпсіздік қызметінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрі мен Ұлттық полиция басшысына осы іс бойынша қоғамға тексерілген барлық ақпаратты ұсынуды тапсырдым», – деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский Telegram арнасында