ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 11 наурыз сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналып өтуі — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910 — 1103 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.