in

Дияр Нұрғожай UFC-де алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC турнирінде алғаш рет жеңіске жетті. Ол Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде бразилиялық дебютант Рафаэль Тобиаспен жұдырықтасты.

Жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді: 30:27, 29:28 және 29:28.

Осылайша Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісін тіркеп, ұйымдағы көрсеткішін 1 жеңіс – 2 жеңіліске, ал жалпы ММА рекордын 11 жеңіс – 2 жеңіліске жеткізді. Ал Рафаэль Тобиастың көрсеткіші 14–2 болып, оның алты жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы тоқтады.