Қазгидромет 18 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Абай облысының батысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Оралда тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Жезқазғанда тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 18 ақпанда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын жүреді. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Астанада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.