in

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі – Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz “Қазгидромет” РМК болжамына сәйкес.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, түнде оңтүстік өңірлерде күшті жауын-шашын болуы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.