in

Диана Мағауияева әлем кубогінің ақтық кезеңінде жүлде алды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. ҚР ҰОК мәліметінше, Польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.