Ветеринариялық-санитариялық қызмет мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп Астанада ауыл шаруашылығы жануарларының етін заңсыз өңдейтін цехты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тексеру барысында цехтың ауыл шаруашылығы жануарларының бастарынан алынған етті ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз және есептік нөмірсіз өңдеп келгені белгілі болды.
Қарау кезінде инспекторлар жануарлардың бастарын, майды, қалдықтарды, сондай-ақ жалпы салмағы 3 тонна болатын дайын өнім салынған 180 қапты тәркілеп алды. Сондай-ақ цех ішінен ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар анықталды.
Цех қызметіне жауапты жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Заңсыз дайындалған барлық өнім қалалық полигонда өртеп жойылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.