in

Ақтауда 9 миллиард теңгені мақсатсыз жұмсамақ болған 34 шенеунік жауапқа тартылды

Ақтауда мемлекет ақшасын оңды-соңды жұмсамақ болған 34 шенеунік жауапкершілікке тартылды. Олар тендер арқылы тауарларды қымбат бағаға сатып алмақ болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Мәселен, қала әкімдігі әрқайсысы алты миллион жеті жүз мың теңге тұратын 12 киіз үй сатып алмақшы болған. Ал оның нарықтағы құны төрт есе арзан болып шықты. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұл заң бұзуды Маңғыстау облысының прокуратурасы анықтаған.

Қадағалаушы органның мәліметінше, сатып алынатын зат пен қызмет түріне  негізсіз баға белгілеу дерегі барлық ауданда анықталған. Конкурсты дер кезінде тоқтатпағанда, бюджеттің 9 млрд теңгесі мақсатсыз жұмсалатын еді дейді прокурорлар.

Тіпті,  Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктерін сатып алуға бір миллиард теңге бөлмек болған. Алайда бұл тендер де тоқтатылды.