in

“ҚазАвтоЖол” жолаушыларға маңызды ескерту жариялады

11 қарашада Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осыған байланысты “ҚазАвтоЖол” маңызды ескерту жариялады.

– Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.