Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айдана Құмартаева жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Айдана түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездесіп, бұл кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Құмартаева әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.