in

«Сегіз ай тегін жұмыс істедім»: Дана Нұржігіт өткен өмірін еске алды (видео)

Тележүргізуші Дана Нұржігіт «КЕШREC» бағдарламасында еңбек жолын бастаған кезді еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Журналист мамандығына деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі туралы баяндай келе, телеарнада сегіз ай бойы штаттан тыс тегін жұмыс істегенін жасырмады.

«Ол жердің еденін жууға даяр болдым. Барып кел, шауып келге ғана лайық бала едім. Үлкен кісілердің қолына су құйып өстім. Қай жұмысқа жексе де, абыроймен атқаруға тырыстым. Әкімші де, ассистент те болдым. Менің жұмысқа келгенде кірпияздығым жоқ. Сол еңбекқорлығыма өзім дән ризамын. Ал анам “Таңертең кетесің, тілің салақтап түнде келесің. Ол жерде сені кім күтіп отыр? Танысымыз да жоқ, телевизияда ешкіміміз жоқ, сен ол жақтан не іздеп жүрсің? Консерваторияны бітірдің, қолыңдағы дипломмен неге мұғалім болмайсың?” деп үнемі ренжитін. Бірақ сегіз айдан кейін алғашқы 12 мың теңге жалақымды алып, анама әдемі кардиган сыйладым, есімде», — дейді Дана Нұржігіт.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.