in

Ыстамбұлда нөсер жауын жауып, көшелерді су басты

Ыстамбұлда нөсер жауын жауып өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

haberler.com хабарлауынша, қатты жауын салдарынан Истикляль көшесі су астында қалды, ал Ватан даңғылында жол опырылып, үш метрге жуық шұңқыр пайда болды.

Таксим мен Бакыркөй аудандарында көшелер мен жерасты өткелдерін су басты, көліктер қозғала алмай қалды. Кей жерлерде жаңбыр суы жертөлелер мен дүкендерге кірген.

Қалалық қызметтер жолдарды тазалау мен суды сорып шығару жұмыстарын бастап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз