Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қуанышты хабарды отбасының адвокаты Мейірман Шекеев жеткізді. Адвокат Қаржаубай отбасының халыққа алғыс білдіретінін атап өтті.
“Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және көптеген қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш силай алдық деп ойлаймын”, – делінген жазбада.