Атырауда үш жігіт «қыз алып қашу» көрінісін бейнелеп, пранк түсірмек болғаны үшін айыппұл төлейтін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Соттың дерегінше, 14 қазан күні олар видео түсіру мақсатында бір қызды күштеп көлікке отырғызған. Қыздың айқайы мен оқиғаның көпшілік жиналған жерде, яғни мейрамхана маңында болғаны жұртшылық арасында дүрбелең тудырған.
Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу және айналасындағыларға құрметсіздік көрсету ретінде бағаланды. Тергеу барысында олардың кінәсі бейнематериалдар, фотосуреттер және өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденген.
Нәтижесінде, сот шешімімен әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.