in

«Қайрат» футбол клубының бапкері Рафаэль Уразбахтин алдағы матч жайлы пікірін айтты

УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтетін ойын алдында «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бапкер алдымен, ел біріншілігіндегі ойындарды қорытындылап, чемпиондық жарыс туралы пікірін айтты.

— Біз «Астананың» жеңетінін білдік және Қазақстан чемпионатындағы шешуші ойынның 26 қазанда болатынын түсіндік. Сондықтан біз басынан-ақ қарқынды аптаға дайындалып, ешқандай жалған сенімге берілген жоқпыз. Біз 26 қазанға («Астанаға» қарсы матчқа) дайындаламыз, бірақ ең алдымен бізде «Пафоспен» ойын бар. Осы кездесуден кейін демалып, қалпымызға келуге уақытымыз жеткілікті болады. Содан кейін ғана «Астана» туралы ойлаймыз, — деді Рафаэль Уразбахтин.

Бапкер сөздерінен «Астана» мен «Ақтөбе» матчы жөнінде ешқандай сенсация іздемеуді сұрады.

— «Астана» чемпиондық үшін күресіп жатыр, олардың жеңісі күтілетін нәтиже, әсіресе өз алаңында. Сондықтан мұнда ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ, бұл жай ғана менің пікірім. Мен тек «Астана» өз алаңында жеңеді деп ойладым, — деді ол.

Сондай-ақ бапкер алдағы ойынға барлық ойыншылның дайын екенін, бірақ қақпашы Александр Заруцкийдің негізгі топқа әлі қосылмағанын атап өтті.

— Негізгі құрамда өзгеріс болмайды, біз екі матчта да ең мықты құраммен ойнаймыз. Ойындар арасындағы уақыты жеткілікті, сондықтан кімдер осы сәтте 100 пайыз дайын болса, солар алаңға шығады, — деді Рафаэль Уразбахтин.