Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК 2025 жылдың 10 қазанынан бастап тұрғындар үшін жағымды жаңалық жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалықтар үшін ауыз судың тарифі төмендетілді.
Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 10 қазандағы №96-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа тариф: енді су арзандады
Бұған дейін су бағасы тұтыну көлеміне байланысты есептелетін:
алғашқы 3 м³ су үшін – 05,71 теңге,
3 м³ асқан жағдайда – 126,85 теңге төленетін.
Яғни, бұрын көп су пайдаланған сайын төлем де жоғарылайтын.
Алайда 2025 жылғы 10 қазаннан бастап бұл тәртіп күшін жойды.
Енді барлық тұтынушылар үшін бірыңғай тариф енгізілді:
Ауыз су – 1 м³ үшін 89,34 теңге.
Бұл өзгеріс қала тұрғындарының коммуналдық шығындарын азайтуға және тарифтік саясаттың ашықтығын арттыруға бағытталған.
«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, жаңа тариф әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді және суды пайдалану көлеміне қарамастан барша тұтынушыларға бірдей жағдай жасайды.