73 жылдан кейін, ғасыр соңында Қазақстанда бірде-бір ауыл қалмауы мүмкін. Бұл жайлы Aiqyn газетінде жарияланған мақала авторы айтады.
…үкіметтік «ревизорлар» 2009 жылғы тексеріс барысында 158 ауылда, ал 2014 жылы 27 ауылда бірде-бір тұрғынды таба алмапты. Яғни, қағазда ауыл тұр, тиісті қаржы да бөлініп келген, шынында онда бірде-бір жан тұрмайтын болып шыққан. Мұның бәрін сол кездегі үкіметтерді басқарғандардың біліксіздігіне, солақай саясатына жатқыза салуға болар еді. Алайда халқы ауа көшіп, адыра қалған ауыл саны содан бері көбеймесе, тіпті де азаймады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 6 179 ауылдық елді мекен болыпты. 2025 жылғы 1 шілдеде содан 6 124-і қалды (оның ішінде 2 159-ы – ауылдық округтер). Тиісінше, небәрі 8 айда 55 ауыл жойылды. Мұндай қарқынмен 73 жылдан кейін, ғасыр соңында Қазақстанда бірде-бір ауыл қалмауы мүмкін. Қалай болғанда, 2015 жылдан – 969, ал 2009 жылдан бері 1 536 ауыл ел картасынан түпкілікті жоғалды, – дейді автор
Мақаланы толық мына сілтеме арқылы оқи аласыз