in

3000 метр биіктікте апат: қытайлық турист «Шымбұлақта» зардап шекті

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте, Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы тау баурайымен сырғанау кезінде белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмады.

Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтеріліп, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз