Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ризе қаласында өткен “Aқ партиясының” кеңейтілген жиынында сөз сөйлеп, Газаға қатысты соңғы жағдай мен Түркияның ұстанымын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ердоғанның айтуынша, Түркия Газа мен басқа да палестин жерлерінде тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды.
«Газада екі жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғын мен геноцидті тоқтататын кез келген жобаны қолдаймыз. Палестин халқына бар күшімізбен қолдау көрсетеміз», – деді ол.
Президент жиналғандардың «Бізді Газаға апар!» деген ұранына:
«Газаға алдымен мен барамын, содан кейін сендер», – деп жауап берді.
Ердоған Түркияның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалына тоқталып,
«Түркия – Түркиядан да үлкен. Біздің күшіміз тек шекарамызбен шектелмейді», – деді.