Әнші Медеу Арынбаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өткен күндерді еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші қызды болған кезде жастықпен қатты қуана алмағанын айтып, өкініш білдірді.
“Достарыммен отырғанда телефоныма қоңырау келді. Телефонның арғы жағындағы дауыс «Медеу Арынбаевсыз ба? Сізді құттықтаймын, қызды болдыңыз», деді. Әне-міне екінші ұлдың әкесі боламын деп отырған мен «Солай ма? Жарайды» деп қалдым. Соны кешіре алмаймын. Неге олай дегенімді білмеймін, балалық шығар. Әлі күнге дейін қызымның бетінен сүйген сайын іштей кешірім сұрап қоятыным бар”, – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «КЕШREC» бағдарламасы (@keshrec_khabar)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.