in

Келешек мектептері – ауылдарға заманауи білім беру үрдісін енгізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында  «Келешек мектептері» ұлттық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен адами капиталдың сапасын арттырудың стратегиялық бағыты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы облысы бойынша «Келешек мектептері» жобасы аясында барлығы 26 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:

Жалпы, 2025 жылы қолданысқа берілетін 17 мектепке 14 155 оқушы қабылданады. Ал оларды оқыту үшін 1 984 педагог жұмысқа тартылады, оның ішінде 948-і ауысу тәртібімен, 1 036-сы конкурс арқылы қабылданбақ. Бұл шара педагог кадрларын жаңғыртып, өңірдегі еңбек нарығына оң әсер етеді.

Жаңа форматтағы мектептер барлық заманауи талаптарға сай салынуда. Әр мектепте STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, цифрлық технологияларға арналған сыныптар, шығармашылық және спортзалдары бар. Сонымен қатар мектептер бейнебақылау, қауіпсіз кіру жүйелері және экологиялық тиімді жылу жүйелерімен жабдықталған. 

Түймебаев ауылындағы 900 орындық мектеп – аймақтағы үлгілі нысандардың бірі. Мұнда оқушылардың ғылыми, шығармашылық және инженерлік қабілеттерін дамытуға арналған толық жағдай жасалған.

Алатау ауданындағы №7 мектеп – заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған цифрлық білім орталығы.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – ұлттық құндылықтар мен заманауи білімді ұштастыратын оқу орны.

 Мектеп директорларының айтуынша, жаңа білім ордалары ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндік ашты.  

«Жаңа мектептер ашылғалы бері балалардың сабаққа қызығушылығы артты. Мұғалімдер жаңа әдістемелерді қолдануға ынталы. Ең бастысы – ата-аналар мен қоғам тарапынан зор қолдау бар», – дейді педагогтер.

 «Келешек мектептері – бұл жай ғана ғимарат емес, болашаққа салынған инвестиция. Әр баланың қауіпсіз әрі заманауи ортада білім алуына жағдай жасау – біздің басты міндетіміз.  

Білім – ұлттың іргетасы, ал жаңа мектептер – сол іргетасты бекітетін тірек», – деді Алматы облысы Білім басқармасының басшысы.

2026 жылға дейін Алматы облысында тағы бірнеше жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар  педагогикалық кадрларды даярлау, цифрландыру және инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары бойынша да жүйелі жұмыс жалғасуда. 

Болашақта «Келешек мектептері» жобасы ауылдық және қалалық мектептердің сапасын теңестіруге, оқушылардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.