5 қазанға қараған түні Ресей Украина аумағына әуе, теңіз және жер үсті базаларынан 496 дрон (Shahed, Geran және басқа түрлері) мен 53 зымыран бағыттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Украина Қарулы күштерінің әуе күштері хабарлағандай, 549 әуе нысаны анықталып, олардың қозғалысы бақыланған. Барлығы 478 әуе нысаны жойылған.
Негізгі соққы бағыты — Львов облысы. Онда әуе қорғанысы, радиоэлектрондық күрес және мобильді отрядтар белсенді әрекет етті.
Сонымен қатар, алты зымыран нысанаға жете алмай, ауада жойылған, олардың қалдықтары қайда түскені нақтылануда.