in

Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды

Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық жүзгіштер 50 метр баттерфляй қашықтығында 4 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Команда үшін басты жетістік – Әділбек Мусиннің «алтын» медалі болды.

Әділбек Мусин – 23.74 секунд
София Әубәкірова – 26.80
Максим Сказобцов – 23.90
Софья Сподаренко – 26.94

Сонымен қатар, біздің спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетаға қатысып (Әділбек Мусин, Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренко) қола медаль еншіледі.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық споршылар
бір алтын, төрт күміс және екі қола иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.