Продюсер Мөлдір Мұқанова ұлының туған күніне үлкен сыйлық жасады. Ол Нұриманға “Қайрат” пен “Реал”ойындарына билет әперді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы продюсер өзінің Instagram парақшасында жазды.
“Нұриман ұлдарыңыз 12 жасқа толды! Туған күніңмен! Болашағың жарқын болсын! Сен біздің үйдің тірегісің! Аман бол!” – дейді Мөлдір Мұқанова.
Айтуынша, ол билетті VIP сектордан алған. Естеріңізде болса, VIP сектордағы билет 250 мың теңгеге бағаланған. Матч 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.
Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың бес баласы бар – үш қызы және екі ұлы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)