«Иә, солай деп есептеймін», – деп қысқа жауап берді АҚШ президенті Дональд Трамп журналистің «НАТО елдері әуе кеңістігіне кірген ресейлік ұшақтарды атып түсіруі керек пе?» деген сұрағына.
Бұл сұрақ Трампқа Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу алдында өткен қысқа бірлескен баспасөз мәслихатында қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.bbc.com сайтына сілтеме жасап.
Кейін осы тақырыпты дамытқан «егер НАТО елдері ресейлік дрон немесе ұшақты атып түсірсе, АҚШ одақтастарын қолдай ма?» деген сауал да қойылған.
– Трамп бұрынғыдай нақты жауап бермеді. «Жағдайға байланысты», – деді ол.
АҚШ және Украина президенттері БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы өтіп жатқан Нью-Йоркте кездесті.
Кездесудің алдында өткен брифингте Владимир Зеленский қолдау көрсеткені үшін Трампқа алғыс білдіріп, Еуропаны Ресейден энергия тасымалдарын сатып алуды тоқтатуға шақырған АҚШ президентінің үндеуін қолдады.