Әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы жаңа фильмге түсіп жатқанын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, жаңа туынды «Үйлену оңай…» деп аталады. Басты рөлді актер Берік Айтжанов екеуі сомдайды.
«Актриса болу – сахнаға шығу немесе камера алдында сөйлеу емес. Бұл – өзіңді мың құбылта көрсету өнері! Актрисалық – өзіңді түрлі рөлдерде сәтті сомдап шығу, көрерменнің кейіпкерден күткен үмітін ақтай алу, оқиғаға сендіре білу. Мені көгілдір экраннан кеше ғана нәзік, мейірімді жан ретінде тамашалаған болсаңыз, ал бүгін қатал, салқын мінезді кейіпкерге айналуым мүмкін… Ертең мүлде басқа болмысты әрине… Сіздер күтпеген тұрғыда сан түрлі кейіпкеріммен жарыққа шыққан өнерімді бағалайтындарыңызға шүбәм жоқ!» – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары киноның жарыққа шығуын асыға күтетінін жазып жатыр.
«Ақбота түрік актрисасы Хандэ Эрчилге ұқсайды», «Жарайсың, Қазақстандағы үздік актриса», «Ақботаға жетер сұлу жоқ қой, қазақ эстрадасында», «Ақбота, суыққа қарамай бассейнде ойнаған рөліңіз өте әсерлі шыққан! Нағыз актрисалық шеберлік осындайда көрінеді. Сіздің образға берілгеніңізді көріп риза болдым, күшті кадр!» – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.