in

Әлем чемпионаты: қазақстандық балуан қыздар жартылай финалға өте алмады

Күрес түрлерінен әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде бәсекелер басталды. Алайда қазақстандық спортшылардың ешқайсысы жартылай финалға жете алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақта Светлана Анкичева Солтүстік Корея өкілі Вон Менггенге мерзімінен бұрын жеңілді.

57 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағамбетова да алғашқы белдесуінде финляндиялық Дженне Хемиайеге есе жіберді.

76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова да қарсыласынан айласын асыра алмады. Ол италиялық Энрика Ренальдиден 3:4 есебімен жол берді.