“ҚазАвтоЖол” Алматы облысында көлік қозғалысын шектеу туралы жедел ақпарат таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 22:30-да Алматы облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29-38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы.
Жолды ашу уақыты: 2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 07:00.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.