Бүгіннен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлемеген азаматтар да онкоскринингтен тегін өте алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек обырына қатысты тексерулер сақтандыру жарнасына қарамастан қолжетімді болды. Ол үшін азаматтар тіркелген емханаға жеке куәлігімен барса жеткілікті.
Сонымен қатар келесі жылдың қаңтарынан бастап 50 жастан асқан ер-азаматтар үшін жаңа медициналық скрининг енгізіледі. Бұл жүрек-қан тамыр ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Өткен жылы скринингтің арқасында 120 мың адам өз дерті жайлы уақытылы білген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.