in

Күн суытады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Қыркүйектің алғашқы күндерінде ауа райы күрт өзгереді, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 2, 3 және 4 қыркүйекте ел аумағына Новой Земля аймағынан келген суық антициклон әсер етеді.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+8°С дейін төмендейді. Кей жерлерде топырақ бетінде -2°С дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі температура оңтүстікте де төмендеп, +20…+28°С шамасында болады. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда Ираннан келген жылы ауа массалары әсерінен +32…+40°С ыстық сақталады.

Антициклон Қазақстан аумағына салқын ауа әкеледі. Бірқатар облыста ауа райы құбылмалы болып, түнде үсік жүру қаупі бар.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан, Алматы облысының тау бөктерінде салқын болады, үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуды ескертіп, жылы киініп жүруге кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.