Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты ашық пікір білдірді.
Сабина Алтынбекова ажырасуды тағдырдың сыны емес, өмірлік тәжірибе ретінде қабылдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, спорттағы мансабы мен жеке өміріндегі қиындықтардың арасында байланыс жоқ. «Ол – өте жақсы әке, ұлымызды қатты жақсы көреді. Олардың арасында ерекше байланыс бар», – деді спортшы. Ал болашақта қайта қосылу мүмкіндігі туралы нақты ештеңе айта алмайтынын қоса айтты.