Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін шамамен 10,5-11 млрд теңге табысқа ие болады.
Бұл соманың басым бөлігі – 9,68 млрд теңге топтық кезеңге өткеніне берілетін негізгі сыйақы. Бұдан бөлек, клубқа 666 млн теңге телетүсімдерден және 146 млн теңге ең төменгі бонус ретінде төленеді.
Осылайша, «Қайрат» тарихындағы ең ірі қаржылық табыстардың біріне қол жеткізді. Сарапшылардың айтуынша, бұл қаражат клубтың инфрақұрылымын дамытуға және ойыншылар құрамын күшейтуге зор мүмкіндік береді.