in

244 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қолданыстағы заңнама бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін төлем алады. Бұл төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлемді рәсімдеу үшін жұмыстан босатылған азамат мына қадамдарды орындайды:

Осы қызметті Электрондық еңбек биржасы – enbek.kz арқылы да онлайн режимінде пайдалануға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет пайда болған сәтте Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті түрде МӘСҚ есебінен төлем тағайындау үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Азамат келіссе, SMS-ке жауап беру жеткілікті: содан кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.

Министрлік МӘСҚ қаражаты есебінен берілетін бұл әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асатынын, әрі ол азаматты жаңа жұмыс іздеу кезеңінде материалдық тұрғыда қолдауға арналғанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.