in

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

1/8 финалға жолдама алу үшін өткен матчта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 12-сатысында тұрған бельгиялық Элиза Мертенсті 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, теннисшілер кортта 2 сағат 12 минут өнер көрсетті. Кездесу барысында Рыбакина 11 эйс жасап, тоғыз қос қателікке жол берді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымында Елена Рыбакина АҚШ өкілі, әлемнің 6-ракеткасы Мэдисон Кизбен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.