Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде өзіне айтылған сын пікірге жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі желідегі сатиралық бағытта жазылған ақпаратқа көзі түскенін жеткізді. Онда «Сәкен Майғазиев Джей Лоның концертінің онлайн нұсқасын сатып жатқаны» айтылған. Әнші посттың қалжың ретінде жазылғанын елемей, өзіне ауыр сөз жазып жатқандардың әрекетіне жағасын ұстағанын жасырмады.
«Мен Джей Лоның концертін сатып қанша ақша таптым? Достар, мұның бәрі қауесет. Бірақ астындағы пікірлерді оқып, таңғалдым. Адамға қарғыс айту, ғайбаттау, жаман сөз айту үшін адамға қандай деңгей керек екеніне таңмын. Оны мен емес, басқа адам сатқан күннің өзінде неге оған жаманшылық тілеуіміз керек? Көргің келмесе, көрмей-ақ қой. Көргің келсе, көр. Екіншіден, бұл жалған ақпарат. Джей Ло қайда? Мен қайдамын? Мен бес-алты күн ауылда анамның қасында болдым. Алматыға келе жатып, осы парақшаны көріп, таңғалдым. Сатира, қалжың бағытында жазылған болса да, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр екен», – деді Сәкен Майғазиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.