Актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында шығармашылығы, отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Жүргізуші актрисадан 15 жыл бойы сахнада өнер көрсетіп келе жатқан әріптесі Нұржан Төлендиев туралы сұрады.
«Нұржан екеуімізді махаббат байланыстырады. Өйткені арамызда балалар бар. Махаббат деп отырғаным, екеуміздің сахнаға, театрға деген махаббатымыз. Өйткені Нұржан сахнаны қатты жақсы көретін актер. Әлі күнге дейін киноға түспей, сахнаны айырбастамай жүр. Қаншама адам миллиондап, миллиардтап қаржы ұсынса да, ол сахнаны киноға айырбастамай жүр. Көрдіңіз бе, махаббаты қандай күшті! Сондықтан өнерге, сахнаға деген махаббат екеумізді қатты байланыстырады. Екеуміз қанша ұрысып, айтысып, бір-бірімізді көрмей кетуге барсақ та, сахнаға шыққан кезде оның бәрін ұмытып кетеміз. Ойнап-күліп шығып, кейін қайтып ұрысуымыз мүмкін. Бірақ сахнада бәрін ұмытамыз. Бұл – cахнаға, театрға, халыққа деген махаббат. …Өмірде доспыз, сырласпыз. Оны жезде деймін. Келіншегі менің руласым болғаннан кейін. Балалар дегенім, әртіс балалардың бәрін Нұржан екеуміз жинадық. Екеуміз ортаға қостық», – деп жауап берді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.