in

«Кейінге қалдыруға мәжбүрмін»: әнші Jah Khalib Қазақстандағы концертіне қатысты мәлімдеме жасады

Jah Khalib лақап атымен танымал әнші Бақтияр Мамедов Қазақстандағы концерттерін жақын арада өткізбейтінін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші жоспарланған концертті кейінге қалдыруға отбасындағы жағдай себеп болып отырғанын айтты.

«Қымбатты достар, мен Қазақстандағы алдағы концерттерімізге баруды жоспарлап отырған жандарға  хабарлағым келеді. Өкінішке қарай, бұл турды не тоқтатуға, не кейінге қалдыруға мәжбүр екенімді хабарлаймын (егер күте алсаңыздар). Өйткені жаңа туған қызым отадан кейін ауыр халде жатыр. Қанша күшімді жинап, тырыссам да, сахнаға шығуға шамам жоқ. Әрине, сосын әйеліме де менің қолдауым керек болғандықтан  жанында болуым қажет», — деді әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Jah Khalib (@jahkhalib)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.