Тележүргізуші, журналист Әйкерім Есенәлі біраз уақыт үзілістен кейін оқырмандарымен тілдесті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол аттан құлап, ауыр жарақат алғанын, қазір емделіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар көпшілікті абай болуға шақырды.
«Үш апта үзілістен кейін аман-есен шығып тұрғаныма шүкір. Мен ат спортын жақсы көремін. Бірақ соңғы рет барғанда жаңа атқа міндім. Өмірімде бірінші рет аттан құлап қалдым. Маңдайым, көзім, миым зақымданды, ессіз қалып қойдым. Қазір емделу процесі болып жатыр. Қауіпсіздік техникасын сақтап жүріңіздерші. …Өкініштісі, көгерген көздерімді көрген адамдар «Сізді кім ұрды?» деп жиі сұрады. Әйелге қол көтерудің қоғамда соншалықты қалыпты болғаны ма?», – дейді тележүргізуші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.