Продюсер Баян Мақсатқызы өзін сынаған имамға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Дін өкілі Данияр Кенжеұлына продюсердің «Қазақтар ислам дінін қабылдамаған» деген сөзі жақпай қалған. Ол көпшілікті Тұрсын Алагөзов шығаратын сусынды ішпеуге шақырған болатын.
«Баянның «Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған» деген сөзі – жай ғана сауатсыздық емес, бүкіл ұлттың рухани тарихына қарсы жасалған соққы. Бір халықтың санасын мұқатуға, діни тұтастығын мазақ етуге бағытталған аса қауіпті мәлімдеме. Қазақ ежелден мұсылман. Бұл — шежіреден шегеленген ақиқат. «Мұсылман болмағансың» деу — тек дінді емес, тарихты, рухты жоққа шығару. Егер жүректегі иман тірі болса, Баянның сөзі титтей де салмақ салып, жанды түршіктірсе — «Maxi чайды» ішпеңдер. Бойкот жариялаңдар», – деп жазды Данияр Кенжеұлы.
Продюсер мұны жауапсыз қалдырмады.
«Тарихта бірінші рет! Имам араққа емес, шайға қарсы. Имам заң мен Конституцияға ренжіп қалды. Өйткені мен біздің елдің шариғат бойынша жүретін мемлекет емес екенін есіне салдым», – деді Баян Алагөзова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.