in

Ләйлә Сұлтанқызы Дженнифер Лопестің концертінен кейін қыз-келіншектерді спортпен айналысуға шақырды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстанға келгеннен кейін қыз-келіншектердің басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстануға ден қойғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Тележүргізуші өзі де қазір спортпен белсенді айналысып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар қыз-келіншектерді қатарына қосылуға шақырды.

«Дженнифер Лопес келгеннен кейін қазақтың қыздары дене бітіміне мән бере бастады деген жазбаларды оқып жатырмыз. Шынында, қазақтың қыз-келіншектері бұрыннан өзінің денсаулығына қараған. Әрине, ол әсер етті. Тым еріншек қыз-келіншектердің орнынан тұрып, залға баруына, қадам жасауына әсер етті. Өткен аптада екі күн жаттығу жасаған болатынбыз. Бүгін кәдімгідей денемді ала алмай отырмын. Бұлшықеттерім ауырып қалыпты. Дегенмен ары қарай жалғастырамыз. Бізде енді би, йога да бар, келсеңіздер болады», – деді тележүргізуші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.