in

Германиядан 9 500 мигрант депортацияланды

Германияда кейінгі 3 айда 9 500 заңсыз мигрант депортацияланды, – деп хабарлайды Аikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Неміс билігі мигранттар легін азайту үшін Еуроодақ елдерінен келгендерді шекарадан қайтару тәртібін қайта енгізді. Талаптан тек осал топқа жататын адамдар, яғни, жүкті әйелдер мен балалар және науқас жандар босатылады.

Қаңтар мен шілде аралығында Германия шекарасын 36 мың адам заңсыз кесіп өтпек болған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% аз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.